MULTI CHANNEL AV RECEIVERSTR-DN1050/STR-DN850

RDS хабарлаулары алу (Еуропа және Австралия үлгілері үшін)

Бұл ресивер қосымша ақпаратты тұрақты бағдарлама сигналымен бірге жіберу үшін FM радиостанцияларына (*) жағдай жасайтын Radio Data System (RDS) жүйесін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл ресивер бағдарлама қызметінің атауы дисплейі сияқты қолайлы RDS мүмкіндіктерін ұсынады.

* FM станцияларың барлығы RDS қызметін, сондай-ақ, қызметтердің ұқсас түрін қамтамасыз етпейді. Аумақтағы RDS қызметтерімен таныс болмасаңыз, мәліметтерді жергілікті радиостанцияларынан тексеріңіз.

  1. Бастапқы мәзірден [Listen] - [FM TUNER] параметрін таңдаңыз.
  2. Станцияны таңдаңыз.

    RDS қызметтерін қамтамасыз ететін станцияны реттегенде, теледидар экранында және дисплей тақтасында бағдарлама қызметінің атауы пайда болады.

Ескерту

  • Реттелген станция RDS сигналына тасымалдамаса немесе сигнал қуаты аз болса, RDS дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
  • Теледидар экранында көрсетілетін кейбір әріптер дисплей тақтасында көрсетілмейді.

Тұспал

  • Бағдарлама қызметінің атауы көрсетілгенде DISPLAY түймесін бірнеше рет басу арқылы жиілікті тексеруге болады.